Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті жауап берді.
- Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде дауыс беру үшін оқу орындарына түскен студенттермен тіркелген тұрғылықты мекенжайы бойынша нақты жұмыстар іске асып жатыр. Бұл ретте тиісті деңгейде ұйымдастырылып, міндетті түрде әрбір 18-ге толған студенттің дауыс беруі қамтамасыз етіледі. Министрлік тарапынан сайлауға қатысты жоғары оқу орындарының ректорлары және жауапты мамандармен жиналыстар өткізіліп жатыр, - делінген комитеттің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Айта кетейік, тамыз айының басында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров алдағы сайлау кезінде студенттердің тізімін нақтылауға қатысты тапсырма берді.