Оның айтуынша, отанын шын сүйген адам ғана сыбайлас жемқорлыққа бармайды. Өйткені, жемқорлық - отанға опасыздық жасағанмен бірдей.
«Жастардың бойына отанға деген махаббат сезімін ұялату, сонымен қатар өз ортасын құрмет тұтуға, табиғатты аялауға, білімділікке, адалдыққа баулау - міне, жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз осы. Бұл жерде әрбір ата-ана, әрбір оқытушы жастарға бірінші кезекте өзі үлгі бола білуі тиіс. Яғни, әркім бірінші өзінен бастауы керек» - деді ол.
«Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбы бойынша өткен бүгінгі кездесуде сондай-ақ Қытайда, Жапонияда және басқа да елдерде сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері мен оларға қарсы күрес жолдары түсіндірілді.