«Жас қазақ» газетінің жазуынша, бұған түркімен политехникалық институтында оқитын жоғары лауазымды шенеуніктердің балаларының елдің төбе шашын тік тұрғызған жол-көлік апатына ұрынуы түрткі болды.
Ел Президенті Ғұрбанғұлы Бердымұхамедов үкіметтің соңғы отырысында: «Біздің құқықтық мемлекетімізде мұндай бассыздыққа жол берілмейді!», - деп қадап айтқан.