Министрдің айтуынша, қазіргі кезде білім беру саласындағы 64 мемлекеттік қызметтің 16-сы автоматтандырылды. Қалған 48 қызмет әлі де электронды нұсқаға көшірілген жоқ. Соның басым бөлігі жергілікті билік пен ұйымдарға тиесілі. «Ал техникалық тапсырмаларға келсек, нақты үш жоба бар. Олар - білім беру мәліметтерінің ұлттық базасы, мемлекеттік және студенттік несиелерді өтеуді бақылау жүйесі, сондай-ақ «Болашақ» ұлттық ақпараттық жүйесі. Соның ішінде «Болашақ» пен несиелерді өтеу жобалары өндірістік эксплуатацияға тапсырылды», - деді Абаев.
Бұдан бөлек, балабақшаларды автоматтандыру жұмысын да күшейту керек. Оған жергілікті билік жауап береді. Білім беру саласындағы серверлер мен құрал-жабдықтардың тозуы да анық байқалады.