Студенттік шәкіртақының жаңартылған көлемі жарияланды
00:04, 29 Қаңтар 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Студенттік шәкіртақының жаңартылған көлемі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram-каналына сілтеме жасап.
Кейін аталған тапсырманың қалай жүзеге асырылатыны туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетов айтып берді.
«Студенттердің шәкіртақысын көтеруге республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді. 1 қаңтардан бастап бакалавриат, магистратура және докторантурада оқып жатқан барлық студенттердің шәкіртақысы 25% өседі. Бұл Президенттің тапсырмасы және ол өз уақытында орындалады. Енді ол үшін қанша қаражат керек деген сұрақ туындайды. Бір жылды алып қарасақ, ЖОО студенттеріне 13 млрд теңге қаржы қажет», - деген еді министр.