Басылым деректеріне қарағанда, бортында 345 жолаушы бар ұшақ америкалық Орландодан ағылшындық Бристольға бет алған, деп жазды Лента.ру.
Ұшқаннан кейін біраз уақыттан соң екі стюардесса есінен танып құлаған. Ұшқыш пен бірнеше жолаушы да өздерін жайсыз сезінген. Алдын ала дерек бойынша оқиғаға улы газ себеп болған.
Нәтижесінде лайнер өзі ұшқан әуежайға қайта қонуына тура келді, оқиғаның нақты себептері әзірге белгісіз.