АСТАНА. ҚазАқпарат - Іздестіру жұмыстарының барысында 23 қыркүйек күні Алматы облысында апатқа ұшыраған Су-27 ұшағын басқарған ұшқыштар подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбуновтың мүрделерінің бөліктері табылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қосымша ақпарат арнайы комиссия жұмысының қорытындылары бойынша хабарланады.
Еске сала кетейік, 2014 жылғы 23 қыркүйекте сағат 20:42 шамасында оқу-жаттығу ұшуы кезінде Су-27 ұшағымен байланыс үзілді. Экипаж құрамында - подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбунов болды.