«Шөлін басу үшін су ішкендердің реакциясы жылдамырақ болатынын көрсеткен. Мұндай нәтижені былай түсіндіруге болады: адам қатты шөлдегенде жұмысқа дұрыс ден қоя алмайды. Біздің бұл зерттеуіміз кеңсе жұмысшылары үшін маңызды», - дейді жұмыстың авторы Кэролайн Эдмонс.
«Бас миының 80%-ы судан тұрады, сондықтан оған қажетті су көлемінің жеткілікті екеніне көз жеткізу өте маңызды», - дейді К.Эдмонс.
Ғалымдардың осыған дейінгі жұмыстары көрсеткендей, суды көп мөлшерде қолданатын мектеп оқушыларының сабаққа деген зейіні мен есте сақтау қабілеттері әлдеқайда жоғары.
Ғалымдардың зерттеулері Frontiers in Human Neuroscience журналында жарияланған.