Уайтхолл тұрғыны Марк Браунның айтуынша, жұбайы Шарон ыдыс-аяқ жуып жатып, сабын көбігі арасынан алтынның үлбіршегіне ұқсас жылтыр заттарды байқаған. Осыдан кейін ол жолдасына қоңырау шалып, екеуі сары үлбіршектерді зерделеп қараған.
«Ол суды ағызып жібермек болып, тығынды алғанда жылтыраған ұсақ үлбіршектерді көрген», -деді NBC телеарнасына сұхбат берген М.Браун.
Бастапқыда олар бұл табылған заттың бағалы металл екендігіне шүбә келтірген. Алайда химиялық сынама оның таза алтын екендігін дәлелдеп отыр. Сәл кейінірек Браунның көршілері Пол Харпер отбасы да ауыз судан алтын үлбіршектерін тапқандығы белгілі болды.