Су арнасында жатқан пластик бөтелкелердің үйіндісі түсірілген сурет санаулы сағаттарда әлеуметтік желілердің хитына айналды. «Лүпілдер», репостар мен Шымкент тұрғындарының ашуын туғызған пікірлер әлеуметтік желіні шарлады.
Қатты жауын-шашын болған уақытта канал маңайындағы тұрғын үйлерді су басады. Шымкент тұрғыны Мадина Галиева өз парақшасында тек суға емес, босаған пластик бөтелкелерге де толып кеткен Киров каналының суретін орналастырған. Оның үстіне, мұның барлығы қала әуежайына алып баратын тас жолдан жүз метр жерде болып жатыр.
«Бұл жер орталық емес екендігін түсінемін. Дегенмен, Шымкент әкімдігі басты көшелерге параллельді тұратындарды да назарға елесе екен деймін... Ал мұнда біз тартуды жоспарлап отырған туристер келсе ше...», - деп жазады Мадина Галиева.
Галиева оның жазбасы Facebook әлеуметтік желісі аумағынан шығып, үлкен шу туғызатынын күтпегенін айтуда.