Су астында қалған «Жібек Жолы» базарында жұмыстар жүргізілуде
«04.12.2016 ж. таңертең Райымбек даңғылы бойында орналасқан «Жібек Жолы» базарының аумағын су басқаны жөнінде хабарлама түсті. Ақсай өзені ағысының арық жүйесі қар мен жаңбыр суына толып кеткендіктен, су арнасынан тасыған. Су астында қалған аумақ шашамен 1000 шаршы метрді құрайды. Оқиға орнында Алматы қаласының құтқару қызметі, Алатау ауданының коммуналдық қызметі - 25 адам мен 4 техника жұмыс істеуде», - делінген Алматы қалалық ТЖД-ның таратқан ақпаратында.
Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» РМК өңірде жаңбыр түріндегі қатты жауын-шашындар күтілетінін хабарлаған болатын.
Бүгін күндіз куәгерлер аталмыш базарды су басып жатқаны туралы видеоны Инстаграм әлеуметтік желісіне орналастырған болатын.
Рынок Жибек-Жолы, Алматы.
Видео опубликовано 🇰🇿© ZTB.KZ 2016 (@ztb_video) Дек 4 2016 в 12:47 PST