Су басқан Құлсары қаласындағы 500 үйге электр жарығы берілді

Фото: Фото: pixabay.com

АТЫРАУ. KAZINFORM – Құлсары қаласындағы 500 үйге электр жарығы берілді. 

Жылыой аудандық электр жүйесі торбаның басшысы Марат Таңатарұлының айтуынша, Құлсары қаласында күн сайын 60-100 үй электр жарығына қосылып жатыр.

«Су тасқынына байланысты 5 сәуірде Құлсары қаласындағы 10 шағын ауданда жарық өшірілген болатын. Қазір су баспаған 500 үйге электр жарығы берілді. Жағдайды жедел қалыпқа келтіру мақсатында уақытша трансформаторлар орнатылды. Жарықты қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру үшін Құлсары қаласында 4 бригада іске кірісті. Бригадалар құрамындағы мамандар 8 арнайы техникамен тәулік бойы жұмыс атқарып жүр», - деді Марат Таңатарұлы.

Еске сала кетелік, бұған дейін Құлсары көшелеріне 250 мың текше метр су сорылғанын хабарлаған болатынбыз.