ҚР ТЖМ құтқарушы күштері 2900 үйден су айдау жұмыстарын жүргізген болатын. Енді тек 20 жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр.
Қалада авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Кадрларда түркістандық құтқарушылар тобы өнімділігі секундына 500 литрді құрайтын жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен суды сору жұмыстарын жүргізуде.
Өңірдің эвакуациялық пункттерінде 585 адам бар, олардың 279-ы балалар. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 7 сәуірінен бастап облыста жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталуда.