«Су тасқынымен күрес жағдайынан IT-қауымдастығы тыс қалмай, дрондар арқылы гуманитарлық көмек жеткізуге көмектеспек. АҚШ-та жүзеге асырылып жатқан отандасымыздың жобасы яғни «ARC Drones» компаниясы көмекке келіп, қазірдің өзінде 3 дронды Құлсары, Көкшетау және Петропавл қаласына жіберуді жоспарлап отыр. Дрондар 20 келіге дейінгі жүкті жедел және үздіксіз жеткізе алады», - деді Альбина Әтен Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, дрондардың көмегімен өмірлік маңызы бар тауарлар мен медициналық қажеттіліктер (дәрі-дәрмек, қан, вакциналар) жеткізіледі.