Осыған байланысты Жетісу облысының ТЖД өзендердегі мұздар еріп, су деңгейінің көтерілуі, таулы аймақтарда қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертеді.
Елді мекендерде жауын-шашын мен қардың қарқынды еруіне байланысты аула аумақтарын жергілікті су басып қалуы мүмкін.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында азаматтарға:
үйлердің жанында орналасқан арықтар мен су өткізгіш құбырларды бітеп тастамау, оларды уақытылы тазалау;
балалардың су айдындарына бақылаусыз шығуына жол бермеу, мұзда, тік жағалауларға бару қаупі туралы ескерту;
таулардың қарлы беткейлеріне шықпау;
ауа райының өзгеруін бақылап отыру және «112» телефонынан дауылды ескерту алған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес берілді.