Оқиға Колумбияның солтүстік-батысындағы Амага қаласында шахтада орын алған. Жас шамасы 23 пен 55 жас аралығындағы 12 ер адам ажал құшқан.
«Ол кеншілердің аман қалуы екіталай», - дейді қаланың қоршаған ортаны қорғау және тау-кен ісі саласы басқармасының басшысы Карлос Усма.
Айта кетейік, Колумбияда 14 мыңнан астам шахта жұмыс жасайды, олардың жартысынан көбінің сәйкес рұқсаттары жоқ.