Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңдегі үшінші кездесуін сенімді өткізді.
Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, бұл жолы біздің спортшылар Сингапур командасын 11:7 есебімен жеңіп, турнирдегі кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Ертең отандастарымыз топтық кезеңдегі соңғы ойынын өткізеді.
Кездесу Астана уақытымен сағат 13:30-да өтеді. Қарсылас – Таиланд құрамасы.
Айта кетейік, су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия біріншілігінің 1/4 финалына өтті.