Су добынан ерлер және әйелдер құрамалары әлем чемпионатына барады
АСТАНА. KAZINFORM - Су добынан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары 2024 жылғы Париж Олимпиадасына жолдамаларды сарапқа салады. Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 4-16 ақпан аралығында Катар астанасы Доха қаласында болады.
Қазақстандық спортшылар алдын ала іріктеу сатысында А тобында Бразилия, АҚШ және Нидерландпен шеберлік байқасады. Ал В тобында Испания, Грекия, Қытай, Франция, С тобында Сингапур, Венгрия, Австралия және Жаңа Зеландия, D тобында Италия, Оңтүстік Африка, Ұлыбритания, Канада ойнайды. Сондай-ақ ерлер арасындағы әлем чемпионаты D тобында Румыния, Италия және Венгриямен кездеседі.
А тобында Австралия, Оңтүстік Африка, Хорватия, Испания, В тобында Грекия, Бразилия, Қытай, Франция, С тобында Сербия, Черногория, Жапония мен АҚШ шеберлік байқасады.
Айта кетсек, су добынан еліміздің ерлер құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлде алды.