Отандастарымыз айналмалы жүйе бойынша сынға түсіп жатыр. Олар үшінші кездесуінде Таиланд құрамасын 14:13 есебімен жеңді. Оған дейін ел құрамасы Сингапурды 12:7 есебімен қапы қалдырып, Жапонияға 10:25 есебімен жол берген еді.
Енді отандастарымыз 23 қыркүйекте Қытай, 24 қыркүйекте Өзбекстан құрамаларымен шеберлік байқасады.
Ел құрамасы сапында Ариадна Затыльникова, Камила Наурызбаева, Таира Мухаева, Яна Смолина, Василиса Антропова, Фатима Маткаримова, Аида Алпысбай сайысқа түсіп жатыр.
Су добынан Қазақстан құрамасы қазірге дейін 2010, 2018 жылдары Азия ойындарында күміс жүлдегер атанған еді.
Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.
Айта кетсек, бұдан бұрын гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарында Вьетнамнан басым түсті.