Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдеcін иеленді

АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Чжаоцин қаласында ерлер мен әйелдер арасында ватерполдан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Аталған додада Қазақстан ерлер құрамасы үздік үштіктен көрінді. 

Фото: Спорт комитеті

Нақтырақ айтсақ, бүгін су добынан Қазақстан ерлер командасы Қытайдың Чжаоцин қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль үшін Иранға қарсы ойнаған болатын. Нәтижесінде қарсыластарын 16:14 есебімен қапы қалдырып, қола медальға қол жеткізді.

Қазақстан ерлер құрамасының Азия чемпионатындағы нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз: 

1995 жылы - алтын

2000 жылы - алтын

2005 жылы - қола 

2009 жылы - күміс

2012 жылы - алтын 

2015 жылы - қола

2016 жылы - күміс

2022 жылы - қола

2023 жылы - қола

2025 жылы - қола

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан ерлер құрамасы жарыстың ширек финалында Оңтүстік Кореяны 22:9 есебімен ойсырата жеңіп, жартылай финалға шыққанын жазған едік.