АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Дохада Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары сарапқа салынатын әлем біріншілігіне қатысып жатқан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы ойынын жеңіспен бастады.
Жерлестеріміз 1-турда Бразилия құрамасынан басым түсті. Есеп- 10:10 (1:2, 2:2, 5:3, 2:3) буллит: 6:5.
2023 жылғы өзгеріс бойынша, топтық кезеңде тең түскен жағдайда жеңімпаз буллит сериясы арқылы анықталады.
Енді аруларымыз 6 ақпан күні өткен жылғы әлем чемпионы Нидерланд командасымен өзара мықтыны анықтайды.
Қазақстан әйелдер құрамасы А тобында Бразилия, АҚШ, Нидерланд құрамаларымен өзара сынға түсіп жатыр.
Жалпы Париж Олимпиадасында ерлер 12, әйелдерден 10 құрама бақ сынайды.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралғында өтеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.