ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істер комитеті Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, финалда отандастарымыз Жапония құрамасына 8:12 есебімен есе жіберді. Ал қола медаль үшін өткен ойында Сингапурды ұтқан Қытай спортшыларына бұйырды.
Су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы турнирді 4-орынмен аяқтады.
Осыған дейін Қазақстан қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатында екі күміс медаль жеңіп алғаны туралы жаздық.