Нақтырақ айтсақ, су добынан Қазақстан ұлдар құрамасы топтық кезеңнің соңғы ойынында Малайзияны ойсырата ұтып, жартылай финалға шықты. Есеп – 25:3.
Енді 1/2 финалда жігіттеріміз Жапониямен кездеседі.
Су добы. Ұлдар. Топтық кезең. 4-ойын
Қазақстан - Малайзия 25:3 (6:2, 3:0, 8:0, 8:1)
Голдар:
Николай Бабенко – 5
Нұрасыл Сатберген, Кирилл Пантелеев - 4
Егор Белоусов - 3
Дәурен Әли, Нұржас Нұртаза, Алдияр Әлкімбай – 2
Әл-Фараби Құбайдолла, Алмат Мадимар, Әділ Балтабекұлы – 1.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін су добынан сынға түскен Қазақстан қыздар құрамасы Қытай құрамасынан 9:14 есебімен жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.
Аталған Сарықұрлық додасына 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысып жатыр.
26 ақпан күні басталған Азия чемпионаты 9 наурыз күні мәресіне жетеді.