Су добы: Әлем чемпионатындағы қарсыластарымыз анықталды
09:17, 25 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Су добынан әлем чемпионатындағы қарсыластарымыз анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Су спорты түрлері бойынша Будапештте 16-28 шілде аралығында өтетін әлем чемпионатының жеребесі тартылып, Қазақстан құрамаларының кіммен қарсылас болатыны белгілі болды. Бұл біріншілікте, әйелдер құрамасы «D» тобында өнер көрсетсе, ерлер құрамасы «А» тобында сынға түседі. Жеребенің толық нұсқасы:
Әйелдер арасындағы жеребе:
А тобы: Италия, Бразилия, Канада және Қытай.
В тобы: Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка, Испания және АҚШ.
С тобы: Жапония, Нидерланды, Венгрия, Франция,
D тобы: Аустралия, Ресей, Қазақстан және Греция.
Ерлер арасындағы жеребе:
А тобы: Бразилия, Черногория, Қазақстан, Канада.
В тобы: Франция, Аустралия, Италия, Венгрия.
С тобы: Испания, Сербия, Грекия, Оңтүстік Африка.
D тобы: Ресей, АҚШ, Жапония, Хорватия.