Су добы: Қазақстан қыздары әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан су добынан әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы Кубадан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Су добынан әлем чемпионатына қазақстандық қыздар және жігіттер құрамаларыбақ сынайды.

Қыздар арасындағы құрамалар әлем біріншілігінде төрт топқа бөлінген. Қазақстандыққыздар С тобында сынға түседі. Қарсыластары - Куба, Грекия, Испания. Бүгін спортшыларымыз алғашқы ойынында Куба құрамасын9:6 есебімен тізе бүктірді. Енді 16 шілдеде Испаниямен ойнайды. Бүгін ИспанияГрекиядан 14:4 есебімен басым түсті. Қазақстандық қыздар әлем чемпионатынаалтыншы мәрте қатысып жатыр. Олар 2001 жылы сегізінші орын алды. Бүгінгі күнгедейін одан жоғары жетістікке жеткен жоқ.

Ал А тобында Голландия, АҚШ, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка, В тобындаВенгрия, Ресей, Канада, Оңтүстік Корея, Д тобында Жапония, Австралия, Италия мен Қытай құрамалары шеберлікбайқасады.

Ал жігіттер құрамасы арасында 16 құрама төрт топ бойынша ойнайды. Қазақстанватерполшылары В тобында АҚШ, Хорватия және Австралия құрамаларымен кездеседі. Қазақстандыққұрама алғашқы ойынын 15 шілдеде АҚШ-қа қарсы өткізеді. Жігіттер әлемчемпионатында 7 мәрте бақ сынайды. Әзірге ең жоғарғы жетістігі ретінде 1998жылы 11 орын алғаны саналып отыр.

Жігіттер арасында А тобында Черногория, Сербия, Оңтүстік Корея, Грекия, Стобында Оңтүстік Африка, Жаңа Зеландия, Испания, Венгрия, Д тобында Бразилия,Германия, Италия, Жапония құрамалары сынға түседі.

Естеріңізге сала кетелік, 12 шілдеде Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында суспорты түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Дүбірлі дода 28 шілдеге дейінсозылады. Әлем чемпионатнда суға секіру, хай-дайвинг, ашық су айдынындағы суғажүзу, суға жүзу, синхронды жүзу, су добынан жарыстар өткізіледі.