НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қай орынға ие болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүбірлі дода Венгрия астанасы - Будапешт қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылды.
Еліміздің әйелдер құрамасы D тобында Австралия, Жаңа Зеландия және Бразилиямен шеберлік байқасты. Австралияға 6:19, Жаңа Зеландияға 11:15 есебімен жол берсе, Бразилияны 10:6 есебімен тізе бүктірді .
Өз тобында үшінші орын алған қазақстандық спортшылар жарыстың плей-офф сатысында Испанияға 1;14, 9-12 орындар үшін сайыста Канадаға 11:19 есебімен жеңілді. Ал 11 орын үшін бәсекеде Аргентинадан 12:6 есебімен басым түсті.
Ерлер арасындағы сайыста D тобында ойнаған қазақстандық спортшылар үш кездесуде де жеңіліп, топтық кезеңнен аса алған жоқ.
Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 2 шілдеде мәресіне жетеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.