Су добынан Азия чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалға шықты
Топтық кезеңде А тобында сынға түскен қазақстандық спортшылар төртінші ойында Оңтүстік Кореяны 6:5 есебімен тізе бүктірді. Олар бұдан бұрын Таиландты 15:4, Үндістанды 17:4 есебімен жеңсе, Иранға 10:11 есебімен есе жіберді.
Осылайша ел құрамасы ширек финалға жолдама алды. Енді олар 12 қарашада Сингапурмен кездеседі. Аталған жұптың жеңімпазы жартылай финалдаТаиланд және Жапония жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Еліміздің ерлер құрамасы Азия чемпионатында 2012 жылы чемпион атанса, 2009 жылы күміс, 2015 жылы қола медаль алды.
Ал еліміздің әйелдер құрамасы бүгін, 11 қарашада Жапонияға 13:23 есебімен есе жіберді. Олар бұдан бұрын Сингапурды 18:9, Оңтүстік Кореяны 25:5 есебімен жеңіп, Қытайға 5:16 есебімен жеңілді.
Енді олар 12 қарашада Таиландпен ойнайды.
Фото: catherineasquithgallery.com