Жапония құрамасымен өткен аса тартысты кездесуде қазақстандықтар 8:7 есебімен жеңіске жетті.
Біздің команда сапынан Михаил Рудай мен Евгений Медведев мергендігімен танылды. Олар тиісінше үш және екі доптан соққан.
Ватерполшылар Қазақстан қоржынына Азиаданың 15-ші алтынын салып отыр.
ФОТО: Сали Сабиров. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі