Су добынан қазақстандық жігіттер Әлем чемпионатында Германия құрамасына 8:9 есебімен есе жіберді

АЛМАТЫ. 24 шілде. ҚазАқпарат - Испанияның Барселона қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы кеше алғашқы кездесуін Германия спортшыларымен өткізіп,

9:8 (3:3 3:0 3:1 0:4) есебімен сүрінді.Ал бүгін олар дүйсенбіде итальяндықтардан 10:4 (4:1 1:1 2:2 3:0) есебімен ұтылған Румыния құрамасымен кездеседі. Германиялықтар болса, итальяндықтармен шеберлік байқасады. Ертең қазақстандықтар - Италия, германиялықтар Румыния командасымен күш сынаспақ.