Аталмыш біріншілік Лондон Олимпиадасы алдында өткізіліп отырған біліктілік турнирі болып табылады.
Қазақстанның әйелдер құрамасы өздерінің алғашқы ойындарында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері - Қытай спортшыларына 8:21 есебімен жеңілді.
26 қаңтар күні өтетін келесі матчты қазақстандық команда Жапония құрамасына қарсы өткізеді.
Азия біріншілігіне Алан Балфанбаев жаттықтыратын ұлттық құрама сапында Галина Рытова, Айжан Ақылбаева, Әсел Жақаева, Екатерина Гариева, Александра Роженцева, Анна Турова, Кәмила Зәкірова, Людмила Чегодаева, Әсем Мұсарова (барлығы «Айша-бибі» командасынан, Тараз), Марина Гриценко мен Анна Зубкова (екеуі де - «Югра», Ханты-Мансийск), Наталья Александрова мен Дарья Васильева («Штурм-2002», Мәскеу облысы) аттанған болатын.