2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Су добынан ҚР құрамасы әлемдік ерлер лигасының суперфиналында ойнайды

ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат - Бүгін, 26 маусымда Грузия астанасы Тбилисиде су добынан ерлер әлемдік лигасының суперфиналы өтеді. Турнирге Қазақстан командасы да қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, қазақстандық су добының шеберлері Жапония, Грузия және Италия командаларымен бірге А тобына түсті.

В тобына Черногория, АҚШ, Греция және Франция командалары енген.

Бірінші ойында Қазақстан құрамасы Италия командасымен кездеседі. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады.