ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ақпаратына сәйкес, ширек финалда қазақстандықтар Оңтүстік Африка Республикасының құрамасын 14:8 есебімен жеңді.
Ертең өтетін жартылай финал матчында Қазақстан мен Жапония құрамалары кездеседі.
Еске сала кетейік, Азия ойындарының финалында Қазақстан Жапонияны бір доп айырмасымен жеңіп, чемпион атанған болатын.