Бес күнге созылған жасөспірімдер бәсекесінде жеті команда сынға түсті. Үш кезең бойынша командалардың ұпайлары есептеліп, жеңімпаздар жиналған ұпай саны бойынша анықталды. Чемпионаттың соңғы күні Қызылорда құрамасы оралдықтарды 15:1 есебімен ұтып, Қазақстан чемпионы атанды. Екінші орын үшін таласта Атырау командасы Астана қаласынан барған қарсыластарын 11:10 есебімен жеңіп кетті.
Ойын барысында Алмусин Жанболат (Тараз), Кенжебай Сәттібек (Атырау), Райымберді Ернар (Атырау), Кашляков Владислав (Қарағанды), Жұмабай Ғани (Атырау), Артюх Данил (Орал), Бақтыбай Нартай (Астана), Кулибаев Бекзат (Астана) қатарлы спортшылар үздік ойыншы деп танылды. Енді осы үздік шыққан ойыншылар алдағы уақытта ұлттық құрама қатарына кіріп, ел намысын қорғайтын болады.
09:20, 21 Желтоқсан 2016
Су добының үздіктері анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қаласында Тәуелсіздік мерекесіне орай, 16-20 желтоқсан аралығында Су добынан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.