Бұл туралы «Астана-ЕРЦ» ЖШС мәлім етті.
Елорданың ресми сайтының жазуынша, есептеу құрылғыларының көрсеткіштері аталған телефон бойынша ай сайын 10-нан 31-іне дейін 09-00-ден 21-00-ге дейін үзіліссіз, демалыссыз қабылданады. Қалған күндері Орталық дүйсенбіден жұмаға дейін 09-00-ден 21-00-ге дейін жұмыс істейді.
Еске салайық, call-center өткен жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істей бастады. Демалыс күндерін қосып есептегенде олар күн сайын 2000 қоңырауға дейін қабылдайды. «Көбіне телефон қоңыраулары айдың 20-31 күндері аралығында түседі. Осыған байланысты бұл күндері call-center телефонына түстен кейін немесе кеште қоңырау шалған дұрыс», - дейді мамандар.
Сонымен қатар, салқын және ыстық сумен қамтамасыз ету құрылғыларының есептеу көрсеткіштері туралы ақпаратты: aerc.kz@mail.ru. мекен-жайы бойынша электронды поштамен жіберуге болады.