Су келешекте қазіргі таңдағы мұнай мен газ сияқты маңызға ие болады - Халықаралық инженерлік академия президенті

АЛМАТЫ. 1 маусым. ҚазАқпарат - Технологиялық бағыттағы даму білім берумен тығыз байланысты. Бұл туралы бүгін Алматыдағы 'Ғылым және технологиялар: келешекке қадам' деген тақырыппен өтіп жатқан V Бүкіләлемдік WCET - 2012 инжиниринг және технологиялар конгресінде талқылануда.

«Су келешекте қазіргі таңдағы мұнай мен газ сияқты ерекше  маңызға ие болады. Қазір суды тазалаудың 10-нан астам әдістері бар. Суды қалыпты айналымға келтіруге болатын тазалаудың тиімділігінде қай жүйе нәтижелі деген сауал бұл басқосуда мамандар арасында жан-жақты талқыланып жатыр», - дейді Халықаралық инженерлік академияның президенті Владимир Гусев. Оның сөзіне қарағанда, түрлі мектептер арасындағы  пікірсайыстар біздің қоғамның негізгі басты құндылығын анықтауы тиіс. Қандай жүйе қолданылғанына қарамастан кез-келген елде студенттік қоғам мен өндірістік кешен арасындағы байланыстың қалай ұйымдастырылғаны білім беру жүйесіндегі маңызы факторлардың бірі болып табылады.