Су көлігімен серуендеуге тыйым салынды: Көліктегі бас санитар дәрігердің қаулысы
Құжат бойынша су көлігін ұсынатын нысандар Ashyq жобасына қатыспайтын болса, катер, кеме, теплоход, паром сияқты көліктерді көлдерде, су қоймаларында ойын-сауық және серуендік іс-шараларға пайдалануға тыйым салынды.
Ал тәуекелдің шекті деңгейі саналатын - «қою қызыл» аймақтағы өңірлерде аталмыш көліктерді демалыс күндері Ashyq жобасына қатысушылар да пайдалана алмайды.
Қаулыда серуендеу іс-шараларына пайдаланылатын су көлігінің иелеріне карантиндік шектеуге түспеу үшін Ashyq жобасына ену қажеттігі айтылған.
«Су көлігі иелеріне ойын-сауық және серуендеу-экскурсиялық іс-шаралар саласында пайдаланылатын су көлігін пайдалануға тыйым салу бойынша шектеу сипатындағы қабылданған шаралар туралы түсіндіре отырып, су көлігі объектілерінде Ashyq жобасын енгізу және карантиндік шаралардың сақталуын бақылау жүргізілсін», - деп жазылған құжатта.
Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.