Су көлігінде жемқорлықпен күрес мәселелері қаралды-ККМ
Бұл отырыстың мақсаты - су көлігінде жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу, профилактика және жою. Осы проблеманы шешу үшін мемлекеттік қызмет көрсету кезінде «адам факторларының» әсер етуін төмендету жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде азаматтармен тікелей байланысты жою «бір терезе» қағидасын енгізу және автоматтандыруға көшу жолымен іске асырылуда.
Су көлігі саласындағы субъектілерге тексеру жүргізуді жетілдіру мақсатында Министрлікпен Тәуекелді бағалау жүйесі енгізілді. Тәуекел деңгейіне байланысты барлық бақылаудағы субъектілер: жоғары, орташа немесе болар - болмас тәуекелдің біріне жатқызылған. Осыған байланысты тәуекел деңгейін бағалау критерийлері, ведомстволық статистикалық есеп және тексеру парағының нысаны әзірленді.
Рұқсат беру жүйесін жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілуде. Тек су көлігінде 16 рұқсат етуші құжаттың 8-ін қысқарту жоспарлануда. Оның ішінде 6-ы толықтай қысқартылады және 2-і хабарлама тәртібіне ауыстырылады.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыруда су көлігінің қауіпсіз пайдаланылуын реттейтін 14 заңға сәйкес нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. Көрсетілген актілерде жемқорлық құқық бұзушылыққа арналған алғы шартты туғызатын «екі түрлі түсіндіру» және басқа да сәттер жойылған.
Кеңес отырысында теңіз көлігіндегі рұқсат етуші құжаттарды беру бөлігінде нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру қажеттігі туралы шешім қабылданды.