Су қоймасының жағажайында жеті жасар бала қараусыз «қыдырып» жүрген - Павлодар облысы
08:41, 18 Тамыз 2010
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жеті жасар Женяны Екібастұз қаласы ІІБ кезекші бөліміне белгісіз әйел әкеліп тастаған, деп хабарлады Павлдодар облысы ІІД баспасөз қызметі.
Ол әйел баланы екі күн бұрын қаладан 30 шақырым жерде, Солнечный кентінің маңында, Екібастұз СЭС-2 жанынан су қоймасының жағажайында өзі жалғыз «қыдырып» жүрген жерінен тауып алған.
Полицейлер баланы қалалық орталық ауруханаға апарып, анасын іздей бастаған. Оның анасының Екібастұзда тұратындығы, жұмыссыз екендігі анықталған. Ол баласын Солнечный кентінде тұратын құрбысына тастап кеткем деп ақталды. Көшеде ойнап жүрген Женя жағажай жаққа барып, адасып кеткен.