АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат - Су құбырындағы апат елордадағы мемлекеттік қызметкерлер жатақханасын сусыз қалдырды,
деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, диаметрі 500 мм-лік су құбырының жарылуы жабынды топырақтың отыруы салдарынан орын алған.
Төтенше жағдайдың алдын алуға «Астана су арнасы» МКК апаттық бригадасының 8 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.