«Апатты учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Сейфуллин көшесі мен Жеңіс даңғылының бойындағы тұрғын үйлерге су беру тоқтатылады», - делінген хабарламада. Айта кетейік, бүгін сағат 06.00 «Астана су арнасы» МКК авариялық-диспетчерлік қызметіне Сейфуллин көшесіндегі №30 тұрғын үйде диаметрі 700 мм су құбырының бұзылуы туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына 14 арнайы техника мен «Астана су арнасы» МКК РЭУ-3 үш бригадасы шықты.
12:30, 06 Қаңтар 2014
Су құбырының бұзылуына байланысты елордадағы кейбір тұрғын үйлерге су беру тоқтатылды
АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада Сейфуллин көшесіндегі №30 үйде су құбырының бұзылуына байланысты Сейфуллин көшесі мен Жеңіс даңғылындағы тұрғын үйлерге су беру тоқтатылды. Бұл туралы «Астана су арнасы» МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап astana.kz хабарлады.