Оның арты аймақтағы келіспеушілікті шиеленістіруі мүмкін. Бүгін Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының басқарма бастығы, запастағы полковник Рафик Таиров осындай болжам айтты.
Оның хабарлауынша, алдағы 20 жылда Орталық Азия халқының демографиялық өсуі нәтижесінде суға деген сұраныс 40 пайызға артады. «Бұл жағдай мемлекетаралық шиеленістердің қозғаушысы болуы әбден мүмкін. Сондықтан Орталық Азия елдерінің саяси басшылығы өңірдегі су-энергетика мәселесін әділ әрі шұғыл түрде шешуі тиіс», - дейді Р.Таиров.