- Жалпы, былай қарасақ, су тапшылығы болады. Қазірдің өзінде көріп отырмыз ғой. Сондықтан әр облыс үшін лимиттерін бекіттік пе, соны қатаң бақылау керек. Министрліктің рұқсатынсыз бір тамшы су берілмеуі тиіс, - деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар Премьер-министр Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтен Шардара су құбыры қашан дайын болатынын сұрады.
Сауалға жауап берген министр осы жылдың 1 шілдесіне толық аяқталатынын, қаражаты 100 пайыз шешілгенін айтты.
- Бұл вегитациялық кезеңде өте маңызды мәселе, - деп ескертті Олжас Бектенов.
Айта кетейік, Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарының барысы талқыға салынып жатыр.