Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі (СРҰАЖ) 2026 жылғы қыркүйекте өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Жүйе ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бойынша сынақтан өтіп, оң қорытынды алды.
Қазіргі уақытта СРҰАЖ-да су шаруашылығы саласындағы негізгі процестерді цифрландыруды қамтамасыз ететін 15 модуль жұмыс істейді. Жүйеге 3 800 ұйым мен 5 208 пайдаланушы қосылған.
Су ресурстары мен инфрақұрылымның бірыңғай цифрлық базасы қалыптастырылды. Оған 17 758 өзен, 3 148 көл, 1 209 гидротехникалық құрылыс және 82 су қоймасы туралы мәлімет енгізілді. Сондай-ақ жүйеге су пайдалану есебі бойынша 7 516 есеп және 2-ТП нысаны бойынша 1 370 есеп жүктелді.
Су шаруашылығы инфрақұрылымын цифрландыру аясында 10 623 гидротехникалық құрылыстың паспорты рәсімделді. Оның 7 187-сін бассейндік инспекциялар қабылдады.
Айта кетелік Алматыда су қорғау аймақтары белгіленген еді.