«Отырыс барысында ҚР АШМ Су шаруашылығы комитетінде бухгалтерлік есептің мүлдем жоқ екендігі атап өтілді. Бухгалтер қызметі сәйкесінше біліктілігі жоқ қызметкерге жүктелген. Жалпы сомасы 407,6 млн. теңгені құрайтын дебиторлық және кредиторлық берешектің қысқартылу, есептік ақпараттардың бұрмалану, аяқталмаған құрылыс құнының және негізгі құралдардың 12 790,0 млн. теңгеге төмендетілу фактілері анықталды», - делінген хабарламада.
Ведомствоның атап өтуінше, комитеттің заңгерлік қызметінің жұмысы әлсіз ұйымдастырылуы салдарынан жұмысты жүрдім-бардым істеген мердігерлерге қатысты талап арыздар дер уақытында берілмей, бірнеше мәрте сотқа келмей қалу фактілері орын алған. Нәтижесінде комитеттің 19 талап арызы сотта қаралмай қалған.