Су шаруашылығы жүйелері саласындағы реттелетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау ережелері бекітілді

АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Үкіметтің 2010 жылғы маусымның 7-сіндегі №521 Қаулысымен «Су шаруашылығы жүйелері саласындағы реттелетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау ережелері» бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1998 жылғы шілденің 9-ындағы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-ші бабы 1-ші тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі Су шаруашылығы жүйелері саласындағы реттелетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау ережелерін бекітуді қаулы етеді», делінген Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қол қойған қаулыда.

Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді. Құжаттың толық мәтіні республикалық БАҚ беттерінде жарияланады.