АСТАНА. KAZINFORM – Катар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан тарихи алтын медаль жеңіп алды.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, Қазақстан тарихында су спорты түрлерінен әлем чемпионатында спортшыларымыз осы уақытқа дейін алтын медальға қол жеткізе алмай келе жатқан. Бүгін спортшыларымыз сол олқылықтың орынын толтырып, тарихи жүлдеге ие болды. Бұған дейін Эдуард Ким жекелей сында қола жүлде жеңіп алған еді.
Бүгін, синхронды жүзуден аралас жұптық сында өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем чемпионы атанды. Олар 228.0050 ұпай жинады.
Күміс медальді Қытай құрамасы, қоланы Мексика командасы жеңіп алды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.