АСТАНА. KAZINFORM – 11-18 ақпан күндері аралығында Қатар астанасы Дохада су спорты түрлерінен кезекті әлем чемпионатының алауы тұтанады.
ҚР Спорт комитеті мәлім еткендей, аталған әлемдік додада Қазақстан құрамасы да сынға түседі.
Атап айтсақ, аталған сында Әділбек Мусин, Софья Сподаренко, Аделаида Пчелинцева, Ксения Игнатова, Максим Сказобцов, Арсен Қожахметов, Егор Попов, Диана Тасжанова бастаған 8 спортшымыз ел намысын қорғайды.
Айтулы бәсекеде 190 мемлекеттен 966 спортшы бақ сынайды деп жоспарланған.
Дохада өтетін бұл біріншілікте Париж Олимпиадасының лицензиясы сарапқа салынады.
Спортшыларымыз жолдамаға иелік ету үшін нормативті уақыт көрсеткішін орындауы тиіс.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.