Нақтырақ айтсақ, Қазақстан құрамасы (Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, Софья Сподаренко, Диана Тасжанова) А тобының әйелдер эстафетасында Азия чемпионаты мен Қазақстан рекордын жаңартып, жеңімпаз атанды.
Ал ерлер командасы (Алексей Крученко, Максим Сказобцов, Егор Василенко, Даниил Черепанов) В тобында эстафетада күміс жүлде иеленді.
Жүзу. Әйелдер. А тобы. Эстафета (4х100) аралас әдіс
1-орын - Қазақстан - 4:10.78
2-орын - Таиланд - 4:17.20
3-орын - Гонконг - 4:23.97
Жүзу. Ерлер. В тобы. Эстафета (4х100) еркін әдіс
1-орын - Жапония - 7:31.13
2-орын - Қазақстан - 7:41.08
3-орын - Тайпей - 7:42.66
Естеріңізде болса, осыған дейін ел құрамасы тағы 3 алтын жеңіп алғанын жазған едік. Ал кеше бір күнде жерлестеріміз 8 алтын, 2 күміс мадальға қол жеткізген.