Су спортынан Азия чемпионатында ел қоржынына екі медаль түсті

АСТАНА. KAZINFORM – Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатының төртінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы 1 күміс, 1 қола медальмен толықты. 

Фото: qaz_olympics

3 метрлік тұғырдан суға секіру сайысында жерлесіміз Назар Қожанов күміс медаль жеңіп алды. Ол кеше 1 метрлік тұғырдан секіруде ел қоржынына күміс медаль салған болатын. Осылайша бүгін екінші күміс жүлдесіне қол жеткізді. 

Сонымен қатар бүгін В тобында ерлер арасында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден ел намысын қорғаған Арсен Қожахметов қола жүлдені қанжығасына байлады.

Суға секіру. Ерлер. 3 м тұғыр

1-орын – Жапония – 425.05 ұпай

2-орын – Қазақстан – Назар Қожанов – 414.10

3-орын – Вьетнам – 405.70

Жүзу. Ерлер. В тобы. 200 м брасс

1-орын – Гонконг – 2:11.20

2-орын – Тайпей – 2:15:34

3-орын – Қазақстан – Арсен Қожахметов – 2:17.46