Су спортынан Азия чемпионатында ел қоржынына тағы 2 алтын медаль түсті

Фото: Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатының үшінші жарыс күні қазақстандық спортшылар тағы да рекорд жаңартып, жеңіс тұғырына көтерілді. 

Анығын айтар болсақ, А тобында 100 метрге шалқалай жүзуден әйелдер арасында Ксения Игнатова мен ерлер арасында В тобында сынға түскен Егор Попов құрлық чемпионатының рекордын жаңартып, Азия чемпионы атанды. 

Жарыс нәтижелері:

Жүзу. Әйелдер. А тобы. 100 м шалқалай жүзу

1-орын – Қазақстан - Ксения Игнатова - 1:01.45 (Азия чемпионатының рекорды)

2-орын - Үндістан - 1:04.14

3-орын - Таиланд - 1:04.44

Жүзу. Ерлер. В тобы. 100 м шалқалай жүзу

1-орын – Қазақстан - Егор Попов - 56.00 (Азия чемпионатының рекорды)

2-орын - Үндістан - 57.33

3-орын - Тайпей - 57.71.

Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасының спортшылары үш рет рекорд орнатып, қарсыластарын шаң қаптырған болатын. Нәтижесінде бір күнде 8 алтын олжалаған еді.